Астана және Қазақстан митрополиті құттықтау хатын жіберді

cover

Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

—  Мәдени және рухани құндылықтардың дамуына, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің беки түсуіне еліміздегі дәстүрлі діндер мерекелерінің ықпалы зор. Бұл адамдардың жүрегіне жылулық ұялатып, жақындарына, жан-жағына жақсылық жасауға айрықша әсер етеді. Сан ғасырлар бойы дәстүрлі дін ұстанушылары өзара ынтымақтастық пен бауырмашылдықтың арқасында Ұлы дала төсінде елдігімізді, діни жөн-жоралғыларымызды сақтап қала алды. Мұсылмандар мен христиандардың ортақ үйіміз – Қазақстанда бірлік пен бейбітшілік жолында қызмет ете беретініне сенімдімін,- делінген құттықтау жеделхатында

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар