Астана-Ыстамбұл рейсінің жолаушылары бір тәуліктен артық ұша алмай отыр
Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана-Ыстамбұл бағытындағы кешіктірілген рейсінің жолаушылары ұшақтың үш рет әуеге көтеріле алмай қалғанын айтты.
— 26 қараша күні сағат 3.30-да біз Ыстамбұлға дейін, әрі қарай әрқайсысы өз бағытымен ұшатын болғанбыз. Мен әрі қарай Лондонға ұшуым керек еді. Ұшаққа мініп алып, бес сағат отырдық. Аязға байланысты жүк бөлімінің есігі жабылмайды деп бізді кері қайтарды, рейсіміз тоқтатылды. Біз жүктерімізі алдық. Әуе компаниясының қызметкері бізді тамақпен қамтамасыз ететінін айтты. Тағы үш сағат отырдық. Сосын олар әлі де жөндемегендерін хабарлады. Осыны айтып, автобуспен қонақүйге жіберді. Олар сағат 23.30-да қайта алып кететіндерін, сол ұшақ ұшатынын айтты. Біздің рейс бірнеше рет кейінге шегерілді, - дейді жолаушы Гүлмира Байқожаева.
Бойжеткеннің айтуынша, бүгін таңғы 4-те олар ұшақта тағы үш сағат отырған.
— Бізге ұшақта тағы бір ақау болып, қозғалтқыштардың бірі жұмыс істемей тұрғанын айтты. Содан кейін бізге ұшақта қалуды, ал ұшақтан түскендерге билет құны қайтарылмайтындығы айтылды. Біраздан кейін дүрбелең басталды. Қарттар мен балалары бар жолаушылар сыртқа шыққысы келетінін айтып, шулай бастады. Дегенмен сыртқа шығуды шештік, - дейді Гүлмира.
Оның айтуынша, борттағы жолаушылардың көпшілігі Ресей, Түркия, Германия және Румыниядан келген шетелдіктер. Ішінде әлем чемпионатына бара жатқандар да бар.
— Жолаушылардың жартысынан көбі, негізінен ер адамдар, ұшақта қалды, ал балалары бар әйелдер шықты. Бес сағат бойы отырған оларға тағы да мотордың қандай да бір ақауы бар екені айтылды. Оларды салоннан шығарды. Бәрі жүктерін алып, әуежайдың бірінші қабатында күтіп отыр. Қазір бәріміз әуежайдамыз, 150 шақты адам қалдық, басында 200 адам болған. Келесі рейске билет алуға шамалары барлар ұшып кетті. Шамасы жоқтар күтіп отыр.
Қазір бәріміз сыртқа шықтық, таңғы төрттен бері тамақ ішпесек те, бізге тамақ берілмеді. Тамақты енді ғана берді, сол ұшақты күтуге тура келетінін, қандай да бір қосалқы бөлшекті күтіп отырғандарын айтты. Көбінің қонақүйге төлеп қойған ақшасы күйіп кетті, өтемақы да, қайтарым да жоқ. Бізге қалсаң - осы ұшақпен ұшасың, бас тартсаң өзің біл деп айтты, - дейді жолаушы.
Ол үш рет ұшып кете алмаған мұндай ұшақпен ұшуға бәрі де қорқатындарын мойындады.
Азаматтық авиация комитеті рейстің ағымдағы жағдайы туралы хабарлады.
Олар 26 қарашада сағат 03.30-да ұшып шығуы тиіс Pegasus Airlines компаниясының Астана – Ыстамбұл бағытында ұшатын PC 229 рейсі техникалық себептерге және экипаж уақытының аяқталуына байланысты кейінге қалдырылғанын айтады.
«Барлық жолаушылар қонақүймен, сондай-ақ сусындар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Кейбір жолаушылар 28 қарашада Астана - Ыстамбұл бағыты бойынша Pegasus Airlines RS 229 рейсіне қайта брондалады. Сондай-ақ, әуе кемесінің техникалық ақауын жою үшін Ыстамбұлдан Астанаға RS 228 рейсімен қосалқы бөлшектер жеткізіледі. Бұл ретте әуе компаниясы барлық мүдделі жолаушыларға әуе билеттері құнын қайтарады» деп хабарлады Комитет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық