«Астана» велокомандасына 31 миллиард теңге жұмсалады – депутат
Фото: envato
Депутат Мұрат Әбенов туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа «Астана» велокомандасына қатысты сұрақ жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттың айтуынша, еліміздің бүкіл спорт саласына 35 миллиард теңге бөлінсе, тек «Астана» велокомандасына 31 миллиард теңге жұмсалады. Алайда үлкен шығындарға қарамастан, нәтиже жоқ. Мәселен, команда капитаны Токио ойындарында 21-ші болса, Парижде 51-орын иеленді.
«Команда шетелде өнер көрсетуде, бұл бизнестік жоба, бірде-бір рет елдің туы көтерілмеді, біздің ел туралы мүлдем ештеңе айтылмайды. Команда Қазақстанға мүлдем келмейді, Еуропада өнер көрсетіп, бәрі сол жақта жүреді», деді Әбенов.
Сондай-ақ, команданың 29 мүшесінен 10-ы ғана Қазақстан азаматы. Депутат өңірлерден келген спортшыларға материалдық қолдау көрсету қажет екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық