Астана тұрғыны 10 көлікті дөңгелексіз қалдырды
стопкадр
Астанада тоқтап тұрған көліктердің дөңгелектерін шешіп жатқан ұры ұсталды.
Полицейлер аулаларда тұрған көліктердің дөңгелектерін ұрлаған 30 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді. Хабарланғандай, ер адам түнде ғана «жұмыс істеген».
«Алдын ала ол тұрғын үйлердің аулаларында ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз тұрған көліктерді түгендеп алған. Сөйтіп, ол «Мерседес Бенц» автокөлігі иесіне 150 мың теңге көлемінде залал келтіріп, титан жиегі бар дөңгелектерді ұрлап кеткен. Тағы бір BMW-ның да төрт дөңгелегін бірдей үптеп кеткен. Ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне және дөңгелек жөндейтін орындарға тапсырып отырған» деп нақтылады ҚР ІІМ.
Нәтижесінде, астаналық осындай 10 ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Ол қазірдің өзінде қылмысын мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт