Астана резеңке емес: Дүйсенова елордаға көші-қон шектеуі туралы сөзін түсіндірді
29 тамызда Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға мигранттар ағынын қандай да бір жолмен реттеу керек екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, елорда әкімдігінде бұл үшін қандай да бір тәсіл бар. Алайда, сол күні министр өз сөзінен өзі танып, теріске шығарып, «жұрттың дұрыс түсінбегенін» түсіндіруге асықты.
Ол Конституция бойынша азаматтардың ел ішінде еркін жүріп-тұруы шектелмейтінін атап өтті.
«Жұмыс тобы ешқандай шектеулер ұсынған жоқ, бұл қарастырылмаған. Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай Астанада 2,5 миллионнан астам адам тұруы тиіс. Елорданың Бас жоспары инфрақұрылымды кеңейту мен осынша адамға баспана құрылысын жүргізуді көздейді», - деді Дүйсенова.
Ол мәселе гараждар мен тұрғын емес үй-жайларды тұрғын үй ретінде заңсыз жалға берген тұлғаларға жауапкершілікті күшейту туралы болып отырғанын атап өтті.
Мұндай үй-жайларды жалға алушылардың медициналық қызмет алуда, балаларды балабақша мен мектепке орналастыруда қиындықтар туады. Олар да тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмайды. Саяжай үйлеріне келетін болсақ, оларға тимейді.
Мұндай пәтер иелеріне 25 АЕК көлемінде айыппұл салу ұсынылды, бірақ бұл мәселе бойынша да әлі түпкілікті шешім жоқ. Жұмыс тобы желтоқсан айында қандай да бір нұсқа ұсынбақ.
Дүйсенова барлық адамдардың өмір сүруіне және барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануына қолайлы жағдай жасау керектігін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық