Астана қаласының әкімі ауысты

cover

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

– Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын, – делінген Жарлықта.

Жеңіс Қасымбек бұған дейін Қарағанды облысының әкімі болған. Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған.

Ол әр жылдары Көлік және коммуникация вице-министрі, Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар