Астана полициясы ұсталған жаңаөзендіктерге қатысты пікір білдірді
Астана полициясы Жаңаөзеннен келген жұмысшылардың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
Полицияның айтуынша, Қазақстан заңнамасы бойынша бұқаралық жария іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін шараларды қабылдай отырып, осы үшін арнайы бөлінген орындарда алдын ала хабардар ете отырып жүргізілуі тиіс.
«Митингілердің «Бейбіт жиындар туралы» заңды бұзуына байланысты жергілікті атқарушы органдарға митинг өткізуге, сондай-ақ мәслихаттың жергілікті шешімі тізбесінде бекітілмеген жерде рұқсат етілмеген митинг өткізуге өтінімнің болмауы себепті полицияға акцияның бірқатар ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушылары жеткізілді» деп хабарлады Астана қалалық ПД.
Полиция департаментіндегілер бейбіт жиынның қатысушылары әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін екендігін де айтты.
«Тәртіп бұзушылар ӘҚБтК- нің 488 және 667-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ескертуге немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға тең. Олардың іс-әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады» деп атап өтті ПД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық