Астана мобильді интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды
Фото: elements.envato.com
Астана мобильді интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды, деп хабарлайды Orda.kz.
Speedtest интернет-сауалнама сервисі әлем бойынша интернет жылдамдығын бағалады. 2024 жылдың желтоқсан айы рейтингін жарияланды. Рейтинг бойынша, мобильді интернет жылдамдығы бойынша бірінші орынды БАӘ иеленді, ал соңғы, яғни 110-шы орынды — Ауғанстан алды. Қазақстан 57-ші орынға Испания мен Жапония арасында орналасты.
Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 2024 жылдың соңында 53,76 Мбит/с болды. Жапонияда бұл көрсеткіш 53,54 Мбит/с.
Кең жолақты стационарлық интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан төменірек 73,67 Мбит/с жылдамдықпен 88-ші орын алды. Бұл тізімде Қазақстаннан жоғары тұрғаны Қырғызстан, ал төменде Багам аралдары тұр. Тізімнің көш басында Сингапур, ал соңғы орында Куба орналасқан.
Speedtest сонымен қатар ірі қалалар бойынша рейтинг жариялады. Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы Астана мен Алматыда бағаланды. Оңтүстік астана 93,71 Мбит/с жылдамдығымен 63-ші орынды иеленіп, Астанадан озды. Бас қала 71-ші орында 83,87 Мбит/с көрсеткішке ие болды.
Алайда, Астана Токиоға қарағанда мобильді интернет жылдамдығы бойынша алда тұр! Жапония астанасы 82-ші орынды алып, оның жылдамдығы 64,89 Мбит/с болып бағаланды. Осылайша, 2023 жылы Цифрлық даму министрі болған Багдат Мусиннің Токиоға қарағанда Астананың интернет сапасы жақсы деген сөзі 2024 жылдың соңында толықтай шындыққа айналды.
Жаңалықтар
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Камза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасасты
- Қазақстанда қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды
- Тоқаев қазақстандықтарды халықтың бірлігі күнімен құттықтады
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды