Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды
Фото: Бейнеден кадр
Астана маңындағы Primevill демалыс базасында бассейн жанында ер адам есінен танып, ажал аузынан қалды. Куәгерлердің айтуынша, оған алғашқы көмекті кешен қызметкерлері емес, демалушылардың бірі көрсеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, зардап шеккен адамның жанында құтқарушы да, медицина қызметкері де болмаған. Демалыс базасының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсете алмаған.
«Ер адамды демалушылардың арасындағы қарапайым жігіт құтқарып қалды. Жас болса да өте салмақты екен. Барлық әрекетті өзі ұйымдастырып, ер адамдар оның айтқанын орындады. Соның арқасында әлгі жігіт қайта тыныс ала бастады», – деп жазды оқиға куәгерлерінің бірі.
Тағы бір келушінің айтуынша, зардап шеккен адам жедел жәрдем көлігімен ауыр жағдайда әкетілген.
«Балалардың көз алдында адам жан тапсырғалы жатты. Жедел жәрдем алып кеткен кезде ол тыныс алмай, көгеріп кеткен еді. Дәрігерлер аман алып қалды деп үміттенемін», – деп жазды ол.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде демалыс базасына қатысты жағымсыз пікірлер көбейді. Келушілер құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жоқтығына ғана емес, қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасына, бассейндегі судың ластығына, душ бөлмелеріндегі антисанитариялық жағдайға және аумақтағы жағымсыз иіске де шағымданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық