«Astana LRT» ісі бойынша экс-шенеуніктерге интерпол желісімен іздеу жарияланды
«Astana LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен қала әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департамент басшысы Сергей Петров айтты, деп хабарлайды ORDA.
Интерпол аясында іздестіріліп жатқан қос күдікті мұхит асып кеткен болуы мүмкін. Құзырлы органдар олардың ізіне түскен көрінеді. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 адамның ісі сотта қаралып жатыр.
Сергей Петров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департамент басшысы:
«Astana LRT» ісі қазір сотта қаралып жатыр. Күдікке іліккен 7 адам бар. Одан бөлек, тағы 2 күдіктіні интерпол желісі бойынша іздестіріп жатырмыз. Олардың қайда екенін анықтадық десек те болады. Қазір өзге де құзырлы орындармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Агенттік қызметкерлері Шымкенттегі модульдік аурухананы салатын кезде ақша ұрланған болуы мүмкін дейді. Қазір олар бұл жайтты жіті тексеріп жатыр. Әзірге нақты бір адамдар күдікке ілінбеген. Ал Алматыдағы модульдік аурухана құрылысына қатысты жайттар аудиттік тексерістен кейін белгілі болмақ».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық