«Астана-ЭТК» АҚ сол жағалауда болған апат себебін түсіндірді
«Астана-ЭТК» АҚ елорданың сол жағалауындағы учаскелердің бірінде болған апаттардың себебін түсіндірді, деп жазады ORDA.
«Астана-ЭТК» АҚ (энергия таратушы компания) баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «30.01.2021 ж. 20 сағат 58 минутта «Сол жағалау» қосалқы станциясының 407 нөмірлі 10 кВ ұясында авариялық тұйықталу болды. Сығанақ, Түркістан, Алматы көшелерінің бойындағы 6 тұрғын үй кешеніне энергия тасымалдау жағынан қиындықтар туды. Жедел топ бір сағат ішінде тұрғын үй кешендерінің (жылыту, сумен жабдықтау және лифтілерді пайдалану) жалпы үй қажеттіліктері үшін бес дизельді генератор жиынтығын орнатты. «Есіл» тарату аймағының жедел-жөндеу топтарының, кабельдік желі қызметі, сынақ және диагностика қызметінің көмегімен 19 адам кабельдік электр желісін қалпына келтірді» делінген.
31.01.21 күні сағат 14:17-де электр энергиясы 6 көпсалалы тұрғын үй кешенінде толығымен қалпына келтірілді. Апат себебіне келер болсақ, кабельдік тасымал ашылған кезде оқшаулағыш қабаттағы ақаулығы бар кабельден зақымдану анықталып, екі муфта ауыстырылды. Желіні толық қалпына келтіргеннен кейін, тұрғын үй кешендеріне екінші қуат беруді қамтамасыз ететін резервтік кабельдік желіде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Астана-ЭТК» АҚ бас инженері Руслан Әбжановтың айтуынша, тұрғын үй кешенін салушылар желілерді жергілікті атқарушы органдардың балансына өткізбеген. Бүгінде бұл желілер тіркеуден өтіп, «Астана-ЭТК» балансына беру сатысында тұр.
Айта кетерлігі, бұл үйлерге электр энергиясымен бірге кеше түнде жылу мен су да берілмеді, өйткені электр қуаты сөнгеннен кейін су және жылумен жабдықтау сорғылары жұмыс істемей қалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық