«Астана» — «Челси» ойыны: Қай көше жабылады? Билетті қайдан алуға болады?
Фото: Кирнан Дьюсбери-Холл, фото: Getty Image/ fca.Astana
12 желтоқсан күні Алматының Орталық стадионында UEFA Конференция Лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командалары арасындағы футбол матчы өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Матч 20:30-да басталады.
Алаяқтар жалған билет сататындықтан Алматы қаласының Спорт басқармасы жанкүйерлерге Zakazbiletov.kz қызметі арқылы билеттерді алдын ала сатып алуға, ал делдалдарға сенбеуге шақырады. Сатылған билеттер жеке аттарымен рәсімделіп, матч күні жанкүйерлердің электрондық поштасына жіберіледі. Стадионкассаларынан билет сатып алуға жағдай жоқ.
Жабылатын жолдар
Жанкүйерлерге стадионға ертерек келуі және жол кептелісін болдырмау үшін қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынамыз. Орталық стадионға кіру сағат 18:00-ден басталады.
12 желтоқсан күні сағат 18:30-дан 00:00-ге дейін стадионға жақын аумақтағы мына жолдар жабылады: Абай даңғылы (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін), Сәтпаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін), сондай-ақ жақын көшелерде патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істейді.
Жанкүйерлерге арналған ақпарат
12 желтоқсанда Алматыда ауа температурасы шамамен -11 градус болады. Ұйымдастырушылар жанкүйерлерді жылы киінуге шақырады және стадионға кейбір заттарды алып кіруге болмайтынын ескертеді. Арена ішінде ыстық сусындар мен жеңіл тағамдарды сатып алуға болатын сауда орындары жұмыс істейді. Сондай-ақ, стадион айналасында мүгедектер үшін арнайы 60 биотуалет орнатылады.
Трансфер туралы ақпарат
Қала әкімдігі 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырады. Әр бағытқа 10 автобус жүреді. Жинау орындарын 2GIS сервисінен көруге болады:
- • Қалқаман шағын ауданы (№7 Қалалық аурухана аялдамасы) — Орталық стадион.
- • Орбита шағын ауданы (Мұстафин — Торайғыров көшелерінің қиылысы) — Орталық стадион.
- • Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев — Павлодар көшелерінің қиылысы) — Орталық стадион.
- • «Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) — Орталық стадион.
- • Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы — Орталық стадион.
- • «Райымбек батыр» метро станциясы — Орталық стадион.
- • Наурызбай ауданының ХҚКО — Орталық стадион.
- • Момышұлы — Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы — Орталық стадион.
Көлік сағат 16:00-ден бастап жүреді және автобус толған сайын жолға шығып отырады.
Автокөлік иелері мен қала тұрғындарын уақытша қолайсыз жағдайға түсіністікпен қарап, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады