Астана әуежайындағы жанжал үшін жолаушы жазаланды
Сурет: Диапазон
Жолаушы рейстің тоқтатылуына қатты ашуланып, нәтижесінде ұрып-соғу және ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік айыппұл арқалады.
Оқиға 25 ақпан күні Астана әуежайында болған. Fly Arystan әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға Астана-Шымкент рейсінің ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлаған. Ұшағын күткен жолаушылар реніш білдіре бастайды. Кейбіреулері заттарды, сөмкелер мен пластик бөтелкелерді лақтырып, әуежай өкілдеріне жұдырық ала жүгірген.
«Іс барысында осы рейспен ұшқан Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталды. Елорда тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» және ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды» деп хабарлады Астана полициясы.
Жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін әуе билеттерінің құны рейс жолаушыларына қайтарылғаны атап өтілді. Азаматтық авиация комитеті КС-7307 Астана-Шымкент рейсі Airbus-A320 ұшағымен таңғы сағат 05-40-қа жоспарланғанын түсіндірді. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан (Шымкент әуежайындағы қатты жел) рейс кейінге шегеріліп, артынша тоқтатылды.
«Жолаушыларға рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактілері бойынша тиісті хабарламалар жіберілді. Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларға алкогольсіз сусындар мен ыстық тамақ беру ұйымдастырылды. Сондай-ақ өтініш берген барлық жолаушыларға билет құны толық қайтарылды» делінген мекеме хабарламасында.
Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі аталған факті бойынша қосымша тексеру жүргізіп, авиакомпания тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық