Әскерилер кеңес заманынан қалған ұшақтарды сатып жатыр
Сурет: e-auction
Елімізде ескі әскери ұшақтар мемлекеттік мүлік аукционына шығарылды. Хабарламада жаңа иесі жабдықты кәдеге жаратуға міндетті екені айтылған.
Барлығы осындай төрт лот қойылған. № 50185 (Қарағанды облысы), № 55652 (Шымкент), №54835 (Семей), № 65229 (Алматы облысы) әскери бөлімдері өз ұшақтарын сатуда. Олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге болады.

Әскерилер жүзден астам осындай атқыш ұшақтардан құтылуда. Негізінен бұл 70-80 жылдардағы Су-27, Миг-29 және Миг-27. Осы кеңестік мұраның бәрі көптен бері ұшпайды, жай ғана қоймаларда шаң басып жатыр. Сондықтан, бағалаушылар мүліктің нарықтық құнын емес, бастапқы құнын анықтады.

«Тексеру барысында бағалауға берілген ұшақ пайдалануға жарамсыз жағдайда екені, ескіргені және оларды жаңғырту экономикалық тұрғыдан мүмкін емес екені анықталды.Осыған сәйкес, ең оңтайлы нұсқа – ұшақты есептен шығару және оларды металл сынықтары ретінде беру» делінген бағалау есебінде.
Ұшақтарда әртүрлі сенсорлар, редукторлар, басқару блоктары және басқару нүктелері жоқ. Әрине, оқ-дәрілер туралы сөз етудің өзі артық.
Аукцион 26 қазанда басталады. Болжамды сатып алушы барлық жабдықты қоймалардан шығарып, оны кәдеге жаратып, содан кейін шарттың орындалғаны туралы есеп беруі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың мамыр айында мемлекеттік мүлікті сату сайтында жалпы құны 212 миллион теңге болатын бірнеше ескі ұшақ аукционға қойылған еді. Бір Як-18Т (1982 жылы шығарылған) және екі АН-28 (1990 жылы шығарылған) ұшағын Ақтөбе қаласындағы Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты сатады. Олардың барлығы енді ұшуға жарамсыз. ЯК 5,6 миллион теңгеге, ал АН-ның әрқайсысы 31 миллион теңгеге бағаланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық