Әскерден қайтқан мәйіттер: Қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Тоқаевқа үндеу жолдады
Фото: Orda.kz
Қазақстан әскеріне барып, бейбіт заманда қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Астанадағы министрліктер үйінің алдына жиналды. Олар балаларын қасақана өлтіріп тастады деп санайды. Ал ресми «өз-өзіне қол жұмсады» деген мәлімдемелерді жаңсақтық деп есептейді. Олар әрбір оқиға бойынша мұқият тергеу жүргізуді талап етеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиналғандар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.
«Біз – Қазақстан Қарулы Күштерінде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарымыз. Біз бірнеше рет үндеу жасап, (сарбаздардың қазасына байланысты) қозғалған қылмыстық істердің әділ тергелуін талап етіп келеміз. Балаларымызды өлтіріп тастады. Ал әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура бұл істерді барынша өз-өзіне қол жұмсау ретінде жауып тастауға тырысып жатыр. Құрметті Тоқаев мырза, егер расымен де біздің президентіміз болсаңыз, бізге көңіл аударыңыз. Біз одан артық ештеңе сұрамаймыз, тек осы қылмыстық істердің әділ тергелгенін ғана талап етеміз», -
деді қайғыдан қан жұтқан ата-аналар.
Бұған дейін де қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні митингіге шыққан болатын. Олар балаларының қазасына қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп, суицид пен тергеудің басқа да мәлімдемелерін жоққа шығаратын сараптама қорытындылары қолдарында тұрғанын айтқан еді.
Ал Тоқаев өткен жылы ғана ата-аналар өз ұлдарын мемлекетке сеніп тапсыратынын сол себепті әскерге ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өткен еді.
Еске сала кетсек, өткен жылы қыркүйектің басында Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген ата-ана артынша мәйітін құшақтап қалды. Өткен жылы 19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінде табылды. Сондай-ақ Ербаян Мұхтар әскерден жарымжан болып қайтты. Дегенмен Ербаянның оқиғасы қоғамды дүрліктірді. Оның еміне бүкіл Қазақстан халқы қаражат жинады.
Сонымен қатар, 2022 жылдың тамызында ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның № 5571 әскери бөлімінде Алмас Шахимов қаза тапты. Ұлттық ұланның ресми мәліметінше, ол дауыл кезінде үстіне шатыр құлап көз жұмған. Алайда кейін мәйітті қайта қазып алған туыстары денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтты. Бұл жағдай ресми нұсқаның шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Осы күнге дейін оның өлімінің нақты себебі анықталмаған. Бүйрегі езілген, бас сүйегі сынған, арқасына темекі басылған сарбаздың ісіне қатысты бұрынғы офицер Ерболат Шаназар ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімінің 3 және 4-тармақтары бойынша — «Қызметтік жағдайын пайдалана отырып алаяқтық жасау» айыбымен кінәлі деп танылды. Сарбазға несие алдырған офицерді прокурор Шахназарға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алайда сот оған 2 жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындап, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды. Ал оның анасы әділдікке жетпей қоймайтынын айтып, әлі күнге күйіктен ішқұса болып жүр. Тілшіміз оған хабарласып, осы жағдайдың мән-жайын сұраған еді.
Orda.kz әскердегі оқиғалар мен ата-аналардың жағдайын бақылап, алдағы уақытта да ақпарат таратады.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты