«Әскер құрамын толықтыру үшін»: Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі енгізіледі
Фото: freepik.com
Мәжілістің жалпы отырысында резервтегі қызмет мәселелері туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Заң жобасы 2024 жылдың 15 қарашасында бірінші оқылымда мақұлданған, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатты депутат Ермұрат Бәпи таныстырды. Депутат бұның резервтегі қызмет мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеп, әскерге жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігіне байланысты туындағанын айтты. Енді елімізде «резервтегі әскери қызмет» және әскери қызметшінің жаңа санаты – «резервтегі әскери адам» ұғымдары пайда болады. Бұл әскер құрамын толықтырудың қосымша әдісі.
Заң жобасын қарау барысында мәжіліс депутаттары 100-ге жуық түзету енгізген.
«Атап айтқанда, депутаттар түрлі ақшалай төлемдерді (әскери қызмет өткеру кезінде алған жарақаттары үшін өтемақы төлемдері, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және т. б.), заттай және азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери резервистке медициналық қызмет көрсетуге, жұмыс істейтін әскери резервистің еңбек қатынастарына қатысты нормаларды ұсынды. Сонымен қатар әскери резервшілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуына аударымдар мен жарналарды реттейтін нормалар енгізді. Сондай-ақ депутаттар әскери құқық бұзушылық субъектісі ретінде резервтегі әскери адамның қылмыстық жауаптылығына қатысты түзетулер енді. Одан басқа, Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның қызметін реттейтін заңнамаға осы күш құрылымдарының резервінде әскери қызмет өткеруге мүмкіндік беретін толықтырулар бар», – дейді Ермұрат Бәпи.
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады