«Әскер 2 жыл болуы керек»: Ринат Зайытов әскердегі былықты әшкереледі
Фото: Видеодан алынған кадр
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әскердегі жағдайдың қиындап кеткенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Qasqa jol» YouTube арнасында мәжіліс депутаты әскерге министр мен әкімнің балаларының баруын міндеттеу керектігін ескертті.
«Қорғаныс министрлігі өкілімен бір ұсынысты талқыладық. Сол кезде қоғамдық ұйымдар әскери бөлімшелерге кіре алу керек дедік. Министрліктегілер «Сендер шпиондарға жол ашып беріп отырсыңдар» деген. Мен сол кезде айтып едім «Олар сенің қару қоймаңа бармайды, құжаттарыңа қол сұқпайды, ол тек барып казарманы тексеріп кетеді» деп. Әскердегілердің істеп жүргені іш пысқандық. Қазір сарбаздарға біреудің бақшасын қаздырады, біреудің қорасын соқтырады. Міне, әскердегі мәселе. Бұны қадағалайтын да, тексеретін де адам жоқ. Біз қайғылы оқиға болған кезде ғана шулаймыз. Кейін ұмытып кетеміз. Әскер керек. Шекарамызды блогер мен әншілер қорғамайды. Сарбаздар қорғайды. Тіпті, маған салса баяғы 2 жылдық әскерді қолдар едім. Министр мен әкімнің баласы әскерге барса, осындай былықтар болмайды»,- деді Ринат Зайытов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық