Асқар Садықовтың орнына жаңа депутат келді
Фото: Мәжіліс
Парламент мәжілісі комитеттерінің біріне жаңа депутат Серік Ерубаев сайланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңадан сайланған депутат биыл жазда мандатынан айырылып, «Ақ жол» партиясынан шығарылған Асқар Садықовтың орнына келді.
«Бүгін біздің қатарымызға Мәжілістің «Ақ жол» партиясынан депутат Серік Ерубаев қосылды», - деді палата спикері Ерлан Қошанов жалпы отырыста.
Мәжілістің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құрамына Серік Ерубаев сайланды. Оны депутат Снежанна Имашева басқарады. Серік Ерубаев партия төрағасының өңірлермен жұмыс жөніндегі орынбасары болды. Сондай-ақ VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты атанды.
Ол Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихатын басқарды. «Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры болған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың мандатынан айырылып, партиядан шығарылғаны белгілі болған еді. Азат Перуашев мұндай шешімге «Садықовтың депутаттық мәртебеге лайық емес әрекеті» негіз болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық