Қасіретті қаңтар кезінде ұсталған 17 жастағы жасөспірімге қысым көрсетіліп жатыр
Скриншот
Қасіретті қаңтар кезінде алаңға шықты деген күдікке ілінгендердің көбі тергеу абақтысында қысым көріп жатқандары айтылуда. Адам құқығын қорғап жүрген өкілдер «күдіктілердің жағдайы адам шошырлық» деп отыр.
КТК телеарнасының хабарлауынша, тергеуге жазықсыздар да тартылған.
17 жастағы Артур Қожаниязов 17 қаңтарды ерекше үреймен еске алады. Себебі, сол күні дәрі алуға шыққан Артурды құқық қорғау қызметкерлері тергей бастаған. Артынша құжаттарын алған. Артур полицейлерге құжаттары мен өзінің үшінші топтағы мүгедек екенін растайтын құжаттарды көрсетсе де, оны көлікке отырғызып алып кеткен. Бөлімшеге кірген бойда құзырлы орган қызметкерлері оны соққының астына алған. Баланың әкесі бұл туралы тек ұлы ауруханаға түскенде білген.
«Дәрігерлер кеудесі ісіген деп жазып беріпті. Тергеуде бетперде киген қызметкерлер аяусыз ұрып-соғыпты. Тіпті, мүгедектік куәлігін көрсетіп жағдайын айтса да сенбей, шашынан тартып күш көрсетулерін тоқтатпапты. Автомат тақап өлтірем деп қорқытқан. Балам әбден әлсіреп еденге құлап түскенде барып алғашқы көмек көрсетіп, кейін жедел-жәрдем шақырыпты. Ал, мен арыздана бастағанда Ерлан Беғамбаев есімді полиция бастығы өзіне шақырып алып, ұрған сержант біздің қызметкер емес, іс-сапармен келген деді. Осы жерде бәрін шешейік деп 300 мың теңге ақша ұсынды» дейді Артурдың әкесі Серік Қожаниязов.
Серік бірден жауапты органдарға арыз жазыпты. Қазіргі таңда іс прокуратурада қаралып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық