Қасиетті түрікмен топырағына табанымыз тиген сәттен бойымызды ерекше сезім биледі – Тоқаев
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапары барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді. Келіссөздерге дейін Тәуелсіздік алаңында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті.
Тоқаев бауырлас Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді.

– Қасиетті түрікмен топырағына табанымыз тиген сәттен шынайы ниеттеріңізді көріп, бойымызды ерекше сезім биледі. Әдемі Ашхабад қаласына тағы да келгеніме қуаныштымын. Қалаларыңыздағы құрылыстың ауқымы мен сапасы бізді таң қалдырды. Сапарға келетін болсақ, біз бұған өте тыңғылықты дайындалдық. Менімен бірге Қазақстан Республикасы негізгі ведомстволарының басшылары да келді. Біз мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі дамуына тың серпін беріледі деп сенеміз. Түрікмендер – бізге бауырлас халық. Халықтарымыз арасындағы достықтың тамыры тереңде. Көп нәрсе бізге ортақ. Бұл ортақ шекарамызға да қатысты. Бауырлас Түрікменстан халқына деген ниетіміз таза. Стратегиялық серіктестікті дамыту, мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері жеке бақылауымда. Бұл – біздің саясатымыздың басым бағыты. Осы сапар барысында ынтымақтастығымыздың бағытын айқындайтын аса маңызды құжаттарға қол қойылады деп ойлаймын. Біз бұрынғыша халықаралық аренадағы белсенді ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз. Кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған Түрікменстанның бейтарап ел мәртебесіне Қазақстан зор құрметпен қарайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Гурбангулы Бердімұхамедов өз кезегінде шақыруын қабыл алып, Түрікменстанға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
– Біз сіздің мемлекеттік сапарыңызға ерекше мән беріп отырмыз. Түрікмендер мен қазақтардың рухани-тарихи байланыстары тереңде жатыр. Сондықтан біздің қарым-қатынасымыз – әрқашан тұрақты және сенімді. Бұл мемлекеттік сапарыңыз халықтарымыз бен бауырлас елдеріміздің игілігі жолындағы туыстық әрі стратегиялық екіжақты қатынастарымызға тың серпін беріп, оны мүлде жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік туғызары сөзсіз. Халықтарымыздың арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесіңіз үшін алғыс айтқым келеді, – деді Бердімұхамедов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық