Ashyq бағдарламасы адам құқығын бұза ма?
Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ashyq қосымшасын Қазақстанда енгізу адамдардың құқығын бұза ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қазақстандықтар бағдарлама олардың жүріп-тұруларын шектейді деп шағымданды. Оған ведомствоаралық комиссияда «Аshyq бағдарламасы адамдардың құқығын бұзбайды, себебі кәсіпкерлер шешімді өз еріктерімен қабылдады», деп жауап берді.
– Нысан иесі - Ashyq жобасының қатысушысы - келушілердің мәртебесін тексеруге міндеттеледі.
Бүгінгі күні «қызыл» мәртебемен 1236 адам және «сары» мәртебемен 541 адам нысандарға кіруге тырысқаны анықталды, - деп хабарлады комиссия.
Олардың айтуынша, Ashyq, ең алдымен, мекемеге келушіге коронавирусты жұқтырып алмау үшін керек.
Ashyq бағдарламасына қосылған кафелер, мейрамханалар, клубтар және басқа мекемелер, «жұмыс уақыты бойынша жеңілдіктер алады, өйткені қосымша вирус жұқтырған азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді».
Егер кәсіпкерлер мекемелерді тексеретін мониторингтік топтардың жұмысына наразы болса, олар Бас прокуратураға шағым түсіре алады. 115 нөміріне хабарласа алады (қоңырау шалу тегін). Сондай-ақ, аймақтарда мобильді топтар тәулік бойы кәсіпкерлікті қорғау мақсатында жұмыс істейді.
Айта кетсек, 13 мамырда Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ashyq қазақстандықтарға бір жылға жүру еркіндігін бере алады деп хабарлады. Бірақ бұл әзірге тек жоспарланып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық