Ашынған ана президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады
2021 жылдың ақпан айында ақтөбелік келіншекке қызының жыныстық мүшелерін суретке түсірді деген айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктінің анасы қызы дәлелсіз 6 ай бойы қамауда және оған «темір торда қысым көрсетіліп жатыр» дейді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Ашынған ана өзінің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған бейне үндеуін Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған.
– Құрметті, қазақ елі! Құметті, президент Тоқаев!
Мен Ақмамық Нұрғалиева, Аида Жұмамұратованың анасымын. Менің қызым заңсыз түрде 6 ай бойы Ақтөбедегі №5 тергеу изоляторында отыр.
Қызымның бұрынғы күйеуі оны 7 жыл бойы ұрып, қорлаған. Ал енді әлеуметтік желілер арқылы жергілікті блогерлердің көмегімен қызымды педофил деп айыптап, немеремнің жыныс мүшелерінің суреттерін таратуда, - дейді Ақмамық Нұрғалиева.
Оның айтуынша, тергеу кезінде қызының кінәсіз екені дәлелденген. Бірақ Ақтөбе қаласының прокуратурасы тергеу әрекеттерін әрі қарай жүргізіп жатыр. Қызы бостандыққа шықпаған.
– Түрмедегілер менің қызымды ұрып, оған психологиялық қысым көрсетеді. Ол өзіне қол жұмсауы мүмкін, - деп жазды Жұмамұратованың анасы.
Ақмамық Нұрғалиева әділеттілікке жете алмай қаламыз ба деп қорқып отыр. Сондықтан, істі басқа облыстың прокурорларының қарауын сұраған.
– Құрметті қазақстандықтар, маған көмектесулеріңізді сұраймын. Мен біздің қаладағы заңсыздықтан қорқамын. Олар ойларына келгендерін істеп отыр. Одан жазықсыз адамдар зардап шегіп жатыр. Мен Ақтөбе прокурорларына сенбеймін. Бұл істі қарайтын прокурор судьямен істі сотқа беру туралы келіскеніне сенімдімін. Мен басқа облыстың прокурорларының қызымның ісін қарауын сұраймын, - деп сұраған күдіктінің анасы.
Еске салсақ, былтыр Ақтөбеде қыздың әкесі өзінің бұрынғы жұбайын педофил деп айыптаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық