Ашуланған «Ордабасы» жанкүйерлері клуб басшылығын сөйлесуге шақырды
«Ордабасы» - «Ақтөбе» матчында шымкенттік команда 0:1 есебімен жеңіліп қалды, осыдан кейін әлеуметтік желілерде наразы жанкүйерлердің видеосы тарай бастады.
Ролик авторының айтуынша, түсірілім «Ордабасы» мен «Ақтөбе» матчынан кейін Шымкент стадионының жанында жасалған.
Жанкүйерлер «Ордабасы» басшылығынан әңгімеге шығуын талап етіп, клуб мүшелері мінген автобустың жолын жапқан. Осыдан кейін іске құқық қорғау органдарының араласуына тура келеді. Жағдай бейбіт жолмен шешіліп, клуб басшылығы ашулы жанкүйерлермен сөйлесіп, жақын арада баспасөз мәслихатын өткізуге уәде берді.
Матч 18 маусым күні Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Ақтөбеліктер 0:1 есебімен жеңіске жетті. Шымкент қаласының спорт басқармасы жағдайға түсініктеме берді.
— Өкінішке қарай тұрғындардың сүйікті командасы жеңілген сәттерде мұндай жағдайлар болып тұрады. Бұл әр елде болуы мүмкін, біздің елде де болды. Біздің команда тартысты бәсекеде жеңіліске ұшырады, осыған байланысты жанкүйерлер ашуланып, спортшылардың шығуына кедергі келтірді, - дейді басқармадағылар.
Футболдан Қазақстан чемпионатының 15 турының қорытындысы бойынша «Ордабасы» 21 ұпаймен алтыншы орында. Енді олар 22 маусымда өтетін матчта елордалық «Астана» командасымен ойнайды. Соңғы ақпарат бойынша, жағдай реттелген. Спортшылар келесі жарыстарға дайындалып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық