АШМ неліктен халықты жергілікті өніммен қамти алмай отыр
Фото: Ашық дереккөзден
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан қазір өзін жергілікті алмамен 80% қамтамасыз ететінін айтады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер министрден қазақстандықтар қашан басқа елдерден әкелінетін жемістердің орнына жергілікті жеміс, көкөністер сатып алатыны сұралған болатын. Өйткені қазір базарлар мен дүкен сөрелерінде негізінен Қытай өнімдері толып тұр.
«Біз дәл осы бағытты қолға алдық. Қазір алманың өзімен 80% қамтамасыз етіледі. 40-50% болған кезде проблемалар болды, несие берілді, мәселені қолдау жөнінде шешім қабылданды. Қалған жемістер бойынша да жоспарымыз бар», - деді Сапаров.
Сондай-ақ Сапаровтан журналистер «осы көктемде көкөністердің жетіспеушілігі және олардың бағасының өсу проблемалары болмай ма?» деп сұрады. Министр дүкендердегі картоптың келісі 120 теңгеден аспайтынын жеткізді.
«Былтыр нәтиже жақсы болды. Әлі де жақсартып, сапалы тұқым алу керек. Қызанақ пен қиярды да. Егер біз қазір қаржыландыру мәселесін шешсек көктемгі егіс жұмыстарында (...) бізде кредит жетіспесе, онда біз барлық дақылдар өндірісін ұлғайтамыз», - деді министр.
Министр бірнеше жыл бұрынғыдай картоп пен сәбіз бағасының 600 теңгеге дейін көтерілмейтініне кепілдік бере ала ма, деген сұраққа АШМ басшысы мұндай кепілдіктер бере алмайтынын айтты, өйткені дақылдардың құнына көп фактор, соның ішінде ауа-райы мен климаттық жағдайлар әсер етеді.
Жаңалықтар
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
- Блогер Руслан Жанпейісов полицияға бағынбау ісі бойынша ақталды
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Кентауды нөсер жаңбырдан кейін су басты
- Иранның мұрагер ханзадасына Берлинде шабуыл жасалды
- Абай облысында мектеп есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты
- Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды
- Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілді — ДДСҰ бас директоры
- Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
- «Центр плова Loft» кафесіндегі жарылыс: Тағы екі күдікті ұсталды
- Сауд Арабиясы Королі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалда қолдаған Тоқаевқа ризашылығын білдірді
- ҰҚК Қостанай облысында криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады
- 2025 жылғы MIVD есебі: Әлемде геосаяси қауіп күшейіп келеді