АШМ: азық-түлік жағдайы министрлік бақылауында
Республика бойынша 16,1 млн тонна ірі азық дайындалды, бұл жоспарланған жылдық көлемнің 68%-ы. Жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.
Ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылғы 15 тамыздан бастап республикадан ірі азықты әкетуге және жемдік астық экспортына квота беруді уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім шығарды. Жемдік астық экспортына квоталар көлемін айқындау кезінде АШМ, бірінші кезекте, отандық малшылардың мұқтаждықтары үшін жемдік астықтың жеткілікті көлемін қамтамасыз етуді негізге алады. Тамыз айының соңына дейін темір жол көлігімен азық тасымалдауға жеңілдікті тарифтерді (нақты тарифтерден 77%-ға төмен) ұзарту туралы шешім бар. Шөп дайындау қарқынын күшейту үшін өңірлерге қосымша 43,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, шөп шабу үшін табиғи резерваттардан 211 мың гектардан астам жер бөлінді.
«Азық-түлік корпорациясы» форвардтық сатып алу шеңберінде жаңа өнімнен 4-5 сыныпты бидай мен арпаның 170 мың тоннасын сатып алады. Азықтың қосымша қорын құру мақсатында Азық-түлік корпорациясының жемдік қорының көлемін 370 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта қосымша қаржыландыру көлемін тарту мәселесі пысықталуда. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы азықпен қамтамасыз етілу жағдайы бақылауда. Осы облыстарда ірі азықты дайындау көлемі орташа республикалық деңгейден жоғары. Бүгінгі күні Жамбыл облысында – жылдық ірі азық көлемінің 94%-ы, Түркістан облысында – 84%-ы және Алматы облысында – 74%-ы дайындалды.
Үкімет резервінен осы облыстарға сатып алынатын азықтың құнын арзандату мақсатында 3,6 млрд теңге бөлінді (Қызылорда облысына – 1,7 млрд теңге, Маңғыстау облысына – 1,9 млрд теңге). Азық-түлік корпорациясының жемдік қорынан Маңғыстау және Қызылорда облыстарына нарықтық бағадан 17%-ға төмен бағамен 1,7 мың тонна арпа бөлінді. Үкімет облыс әкімдеріне сабан, оның ішінде бірінші кезекте арпа мен қара бидайды жаппай дайындауды ұйымдастыруды тапсырды. Азықпен қамтамасыз ету мәселелеріне волонтерлік ұйымдар қосылады. Олар 5,8 мың тонна шөп жеткізіп, аз қамтылған және көп балалы отбасылар арасында үлестірілді. Маңғыстау облысы үшін жергілікті бюджеттен қосымша 5,3 млрд теңгені азықпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда, бұл облысқа қосымша 25 мың тонна шөп және 34 мың тонна жемдік астық сатып алуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредиттері бойынша қарыздарды ұзарту және қайта құрылымдау туралы шешім қабылданып, өтінімдерді қабылдау басталды. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар құрғақшылықтың әсерінен туындаған азық дайындау мәселелеріндегі шиеленісті жеңілдету үшін жағдай жасады. Жағдай Үкімет пен өңірлер әкімдерінің тұрақты бақылауында. Жоғарыда көрсетілген жедел сипаттағы шұғыл шаралармен қатар мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар дайындалуда. Олар егіншілікті әртараптандыруды одан әрі тереңдету, ауыспалы егістегі азықтық дақылдардың үлесін ғылыми негізделген нормаларға дейін жеткізу, азықтық дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту, жайылымдық алқаптардың пайдаланылуына бақылауды күшейту мәселелерін қамтиды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық