Әшімбаев Тоқаевқа сенаторлардың қарауында жатқан заңдар туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Ол Тоқаевқа парламент сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді.
Қазіргі уақытта әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатыр. Ал сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдер айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі 10 заң жобасын мәжілістің қарауына ұсынды.
Биыл Бюджет, Құрылыс, Су, Салық және Цифрлық кодекстерін, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Масс-медиа туралы" және "Жылу энергетикасы" туралы заң жобаларын қарау жоспарланып отыр.
Сенат төрағасы Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның жұмысы туралы баяндады.
Бұған қоса, президентке Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының қызметі таныстырылды. Қазіргі кезде съезді дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр.
Спикер Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенаттың мәслихат депутаттарымен арадағы жұмысы жандана түскенін айтты. Бұл іске "Өңір" депутаттық тобы мен Сенат жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес белсенді атсалысып жатыр.
Биыл еліміздегі мәслихат институтының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай сәуір айында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр.
Кездесу соңында президент елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қолдаудың рөлі зор екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардың дамуына барынша көмек көрсету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты деп санайды. Оның пікірінше, бұл іске жергілікті өкілді органдардың депутаттарын кеңінен тарту қажет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық