Асхат Аймағамбетов вице-министрлерге ұрысып тастады
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов комитет отырысында нақты сөз сөйлмеген вице-министрлерді сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Мәжілісте әлеуметтік саладағы сыбайлас жемоқорлыққа қарсы іс-қимылдар талқыға түсіп жатыр. Отырыста әр министрдің орынбасарынан жемқорлықтың алдын алу үшін не істеліп жатқаны туралы сұралған болатын.
Кейбірі нақты баяндама жасағанымен, кейбірі жалпылама сөйлеп, отырыстың уақытын алды. Солардың бірі туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағанбетовтен сөз естіді.
Бірдеңе түсіндіңіздер ме, әріптестер! 32 деді, 72 деді ол қай сандар? Қандай жүйе, қандай мәселе? Бес минут сөйлеп, бір мәселені ашып айта алмадыңыз, проблеманың шешімін көрсете алмадыңыз. Жалпылама сөз. Бір мәселені де түсінген жоқпыз. Заң жобасы шеңберінде тікелей сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша соншалықты нормаларды көріп отырған жоқпыз. Заң жобасын бәрін шеше алатындай көрсетіп отырсыз. Алайда оның ішінде басқа мәселе қамтылып отыр. Сөз сөйлегеннен кейін нақты проблеманы айтыңыз!, – деді Аймағанбетов.
Осыдан кейін сөз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице министрі Әқмәди Сарбасовқа берілді. Бірақ ол да нақты сөйлемей, Аймағанбетовтен ескерту алды. Содан кейін басқа вице-министрлерді тыңдағысы келмеген депутаттар сұрақ-жауапқа көшті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық