Қашағандағы мұнай өндірісі жоспарланған мерзімнен бұрын қайта жанданды
North Caspian Operating Company (NCOC) кен орнында жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Ол 1 маусымда басталып, өндіріс толық тоқтатылды.
Жұмыс 45 күнге, яғни 15 шілдеге дейін созылады деп жоспарланған болатын. Алайда бүгін компания кеніштің теңіздегі және құрлықтағы өндірістік нысандарындағы жұмыстардың қазірдің өзінде аяқталғанын ресми түрде хабарлады.
— Бұл профилактикалық қызмет көрсету шаралары NCOC үшін маңызды кезең болып табылады, өйткені олар активтеріміздің тұтастығын, сенімділігін және өндірістік қуатымызды арттыруды қамтамасыз етуге көмектеседі... Мен барлық қатысқандарға: біздің мердігерлерге, акционерлерге және мемлекеттік органдарға алғысымды білдіргім келеді. Осы маңызды жобаны қауіпсіз және сәтті жүзеге асыруға бағытталған қолдауы мен бірлескен күш-жігері үшін рахмет айтамын, - деді NCOC басқарушы директоры Оливье Лазар.
Кен орнында ұңғымалар ашылып, өндірістік жүйелер қалыпты жұмыс режиміне ауыстырылды. Теңіздегі және құрлықтағы өндіріс орындарының жұмысы біртіндеп қалпына келтірілді. Әрі қарай компания мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық