Әсем Алматыда ұлт ырысы – Наурыз мерекесін тойлау басталды
Фото: Алматы әкімдігі
Мерекелік шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысып, Наурыз мейрамының жаңарудың, бейбітшілік пен берекенің нышаны ретіндегі маңызын атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Наурыз күнтізбесі бойынша 21 наурыз – Ынтымақ күні. Астана алаңына мыңдаған алматылықтар мен қала қонақтары жиналып, елімізге танамыл өнерпаздардың әндерін тамашалап, әуен ырғағына тербелді.
Алматы алаңы жиналған жұртшылықты «Наурыз құшағында Алматы» атты әдемі атаумен қарсы алды.
Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, Жазира Байырбекова, Игорь Благородный, Төлеген Рақымбаев, «КешYou» тобы, Диная, AyaFunk және басқа да жұлдыздар сахнада өнер көрсетіп, қала халқын қуантатын болады.

«Жаңа Ғасыр» театрының әртістері, әншілер Мәди Рымбаев пен Әли Оқаповтың орындауындағы әндерге түрлі ұлттардың билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Алаңды ұлттық аспаптар күмбіріне бөлеген күйшілер мерекелік көңіл-күйді аспандата түсті.
Концертке жиналғандар қатарында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев та жұртпен қатар отырып, өнерпаздардың концертін тамашалады.
Концерттен бөлек қолөнершілер ағаш пен саз балшықтан жасаған бұйымдарын ашық аспан астында ұсынып, мерекеге көрік, қуанышқа ерік берді.
Бас сахнаға жақын жерде әсем киіз үйлер қаз-қатар тігіліп, наурыз көже, бауырсақ, балқаймақ сияқты ұлттық тағамдар ұсынды.
Олармен қатарласа неше түрлі сән мен салтанатқа бөленген ұлттық киімдер көрмесі және суретшілеріміздің көркем туындылары жалғаса тізілген.
Алматы нағыз көктем мерекесінің астанасына айналып, қала халқы Наурыз мейрамын кең көлемде тойлауды бастап кетті.

Мерекеге арналған әр түрлі шаралар мегаполистің әр ауданы мен негізгі орталықтарында өтеді. Ал Астана алаңы таңнан бері ұлттық нақыш пен небір әсем ұлттық киімнің көрмесіне айналғандай. Мерекелік көңіл-күйге бөленген қала халқы «Ұлыс оң болсын!» деп бір-біріне жарқын тілектерін арнап, жарқылдап тойлап жүр.

Мерекелік шаралар 23 наурызға дейін жалғасады. Күн сайын кешкі сағат 22:00-ге дейін қонақтар «Жұлдызды Алматы» фестивалі аясындағы әдемі концерттерді, сондай-ақ театрландырылған көріністерді, ұлттық ойындарды, қойылымдарды және қолөнер жәрмеңкелерін тамашалай алады.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық