«Әсел Сәдуақасова ажырасты»: Еліміз ажырасудан нешінші орында тұр?
Фото: instagram / Әсел Сәдуақасова
«Келін де адам», «30-ға келіп тұрмысқа шығу» сынды танымал комедиялық жанрдағы фильмдерге түскен әртіс Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлады Orda.kz.
Ол 4 қазанда ресми түрде ажырасқанын instagram парақшасына жариялады.
«Мағжан мен үшін жақын адам және солай болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге өте жақын болдық, бірақ тіл табысып кете алмадық», – деді Әсел Сәдуақасова.
Еске сала кетсек, актриса өзінен жеті жас кіші Мағжан Тілеухан есімді азаматқа 2023 жылы тұрмысқа шыққан.
Өткен жылғы ұлттық статистика бюросының деректеріне зер салсақ, жалпы ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,02 болады. Ең жоғары ажырасу деңгейі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – 1000 адамға 3,14, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалды – 1000 адамға 0,89. Осылайша, 2023 жылы некеге тұрған 1000 отбасының 333 ажырасып кеткен.
Ал әлем бойынша Қазақстан Petrelli Previtera зерттеулеріне қарасақ, ажырасудан көш бастайтын 10 елдің ішінде екінші орында тұр.
Жаңалықтар
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды