Асанәлі Әшімов желтоқсаншыларды қалай «қаралады»?
Фото: әлеуметтік желіден
Журналист Асылхан Мамашұлы қалың көпшілікке 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған «Қилы кезең» жобасының екінші бөлімін ұсынды. Ол бұл шығарылымда желтоқсаншыларды айыптаған мәдениет өкілдерін жіпке тізді. Көтеріліске шыққан қазақ жастарын маскүнем мен нашақорға теңегендер қатарында танымал актер Асанәлі Әшімов, әнші Ермек Серкебаев, ақындар Ғафу Қайырбеков пен Қалижан Бекхожин бар, деп хабарлайды Orda.kz.
1986 жылы желтоқсан айының 21-і күні Вечерняя Алма-Ата газетіне «Бізге өте ауыр» («Нам горько») дейтін үндеу жарияланды. Үндеуде:
«Ұлтшыл пиғылдағы элементтердің айдап салуымен есірткі мен ішімдікке еліткен жастар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өрт қойып, қиратумен айналысты. Еш кінәсіз адамдарды ұрып-соқты» деп жазылған.

Сонымен қатар, желтоқсаншы жастардың артынан неше түрлі шым-шытырық жалған оқиғалар тараған. «1-Алматыда орыс балабақшаларындағы балаларды өртеп, қырып кетіпті» деген жалған ақпараттар желдей ескен. Тіпті бұл жаға ұстатар ақпараттар көшеде айқайлап айтылып, елді шошытқан.
Енді газет бетіндегі үндеуге қайта оралайық. Хатқа қол қойғандар:
Актер Асанәлі Әшімов, әнші Ермек Серкебаев, ақындар — Ғафу Қайырбеков пен Қалижан Бекхожин, академик Мұрат Айтхожин және Г.Диханбаева мен М.Ахметова деген екі жұмысшы. Хат иелері қазақ жастарының көтеріліске шыққан әрекетіне ұялып отырғандарын да жазған.

Айта кетейік, Дос Көшімнің сөзінше, ақын Қадыр Мырза Әли қол қоюдан бірден бас тартыпты.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан саясаткер Дос Көшім сол кездері бұл үндеуді жасағандарға ашуланғанын жасырмады. Бұл үндеу 3 газетке жарияланыпты.
Асылхан Мамашұлының айтуынша, бірнеше жылдардан кейін үндеу авторларының бірі — Ғафу Қайырбеков ол хатты өзінің сыртынан жазып жібергенін, өзі қол қоймағанын айтып ақталған. Белгілі актер Асанәлі Әшімов те солай айтып басын ала қашыпты. Актер Дос Көшімге хабарласып, үндеу жарияланған уақытта басқа қалада болғанын айтқан. Сонымен қатар, «осы тақырыпта газет-журналдарда менің атымды жаза бересің» деп ренжіген.
«Қандайда бір оқиға не бастама пайда бола қалса, зиялы қауымның атынан үндеу жариялау Кеңес Үкіметінің дәстүрлі саясаты болатын», — деді Асылхан Мамашұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық