Асанәлі Әшімов көлігіндегі нөмірге қатысты дауға жауап берді
Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде белгілі актер, абыз ақсақал Асанәлі Әшімовтың көлігінде қалааралық трассада мемлекеттік нөмірдің орнына «ASANALI» деген жазу тұрғаны бейнеленген, көлікті жол полициясы қызметкерлерінің тоқтатқаны бейнеленген бейнежазба тарап кетті. Бұл мәселеге қатысты көпшіліктің ойы екіге жарылған.
Асанәлі Әшімов өзінің көлігіндегі нөмірге қатысты дау туған соң, Ұлттық арнаның «1001 түн» бағдарламасына эксклюзивті пікір берген.
– Құрметті әлеумет! Мен жолдан жаңа ғана келдім. Мынау әлеуметтік желідегі даудың басы – менің көлігімнің нөмірі. Менімен бірге бір-екі түсірілім тобы жүр. Нөмір кино үшін ғана уақытша тағылған. Оны мен ылғи тағып жүрмеймін ғой. Жол тәртібін бұзбасақ, жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда түсірдік, көшеде түсірдік. Деректі фильм үшін жасалған әрекет – бұл, - деді актер.
Көпшілік ақсақалды бір ауыз сөзіне тоқтағандай кейіп танытуда. Ал қызылордалық полиция қызметкерлері көлікті нөмірі үшін тоқтатқанын алға тартқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық