Қасқырлардың жойылуы экологиялық тепе-теңдікті бұзады – экобелсенді
Фото: en.35photo.pro
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сілтеме жасаған экобелсенді Сәкен Ділдахмет Қазақстанда қасқырдың жойылу алдында тұрғанын айтты.
– Қазақстанда қасқырлардың жойылу алдында тұрғанын білесіз бе? Елімізде қасқырдың саны небәрі 14 408 ғана. Бес облыста бұл жыртқыштың санын реттеуге тыйым салынса, Солтүстік Қазақстан облысында мүлде жоқ. Егер олар жоғалып кетсе, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады және бұған жол беруге болмайды, - деп жазды Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасында.
Олжас Беркінбаевтың айтуынша, қасқырлар саны реттелетін жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген.
– Қасқыр халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиян келтірмеу, сондай-ақ елеулі зиян келтіру қаупін болдырмау мақсатында саны реттелетін жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген, - ҚР ЭМГТР қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.
Ол 2021 жылы Қазақстанда қасқыр саны 14 408-ге жуық болса, 2019 жылы 12 812 жыртқыш болғанын айтты. Ведомствода Солтүстік Қазақстан облысынан басқа Қазақстанның барлық өңірлерінде қасқыр саны неліктен реттеліп жатқанын түсіндірді.
– Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қасқырдың жоқтығы облыстың географиялық деректерімен түсіндіріледі, бұл аумақта қоныс аударатын қасқырлар кездеседі. Олардың популяциясы климаттық жағдайларға, географияға, жабайы тұяқтылар ресурстарының жағдайына және басқа да қорек көздеріне байланысты. Қасқырларды реттеуге тыйым салынбайды, - деді Олжас Беркінбаев.
Қасқырлар саны күрт азайған жағдайда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитеті тиісті шараларды қабылдайды деп сендірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық