Асқар Мамин экономиканы цифрландыруды тапсырды
Фото: ernur.kz
Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді.
Бұл туралыOrda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Комиссия отырысына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қатысып, бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры (БМЖМК) ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ҚР минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыру мәселелерін қарастырды. Бес жыл ішінде ҚР өңірлерінде 20 инновациялық бағдарламалау мектебін ашу, 50 өңірлік ЖОО-ны IT-компаниялар мен бейінді IT-ЖОО қамқорлығына беру, бағдарламалау мектептеріне 20 мың грант бөлуді жоспарлады.
Үкімет басшысы экономиканы цифрландыру, кадрлар даярлау және IT-саласын дамыту бойынша жоспарланған барлық жобалардың уақтылы және сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық