Асқар Мамин Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
Фото: primeminister.kz
Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барған Асқар Мамин Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) XV саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді.
Асқар Мамин Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның ЭЫҰ елдерімен жиынтық тауар айналымының биылғы 9 айда 31%-ға $8,2 млрд-қа дейін өскенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметіне сәйкес, Мамин АӨК саласында бірлескен өндірістік үдерістер құруды, азық-түлік тауарларының өзара саудасында оффтейк келісімшарттарды қолдануды кеңейтуді және басқа да шараларды көздейтін сауда ағындарын арттыру жөніндегі жол картасын және ЭЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
– ЭЫҰ кеңістігінде бір-бірімен бәсекелеспейтін, бірін-бірі толықтыратын көліктік транзиттік дәліздерді қалыптастыру елдеріміздің орнықтылығын арттыру мен экономикаларын болашақта дамытудың негізгі шарттарының бірі, - деді А. Мамин.
Айта кетейік, ЭЫҰ саммитіне Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев, Иран Президенті Ибрагим Раиси, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Пәкістан Президенті Ариф Алви қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық