Қаржы вице-министрі пара алғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айрылды
Бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айрылды.
Мұндай шешімді бейсенбі күні Есіл ауданы №2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов шығарды.
– Сот баптарды басшылыққа ала отырып 387 – 390, 393, 395 – 398, 401, 402 қылмыстық іс жүргізу кодексінің үкімімен Руслан Еңсебаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, – деп Есенов үкімді оқыды.
Сот бұрынғы қаржы вице-министріне бұлтартпау шарасын кепілден күзетпен ұстауға дереу өзгерту туралы шешім қабылдады. Күзетпен ұстау мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін. Ал ҚР ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі 2021 жылғы 23 қыркүйектен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу кезінде 1,5 күн үшін 1 күн есебімен қамауда ұстау уақыты есептелсін.
Бұдан басқа, Еңсебаев өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекет қатысатын компанияларда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.
Сондай-ақ, сот ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әлібек Ескендіровтің 2 млн 350 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айырды.
– Сот қаржы министрлігінің бұрынғы вице-министрі –Еңсебаев, Байбосынов пен Бұхарбайдан «Әл-Фараби Partners» ЖШС-нің қаржы министрлігінде цифрландыру жобаларын ақпараттық сүйемелдеу бойынша қызметтерді сатып алу конкурсында ұтқаны үшін 1,2 млн теңге сомасында пара алғанын анықтады.
Ескендіров министрліктегі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды, «Әл-Фараби Partners» ЖШС мен «Астана қаласының теледидары» ЖШС арасында қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау үшін шарт жасасу кезінде құжаттарға қол қоюды жеделдеткені үшін Бұхарбай мен Байбосыновтан 2 млн 350 мың теңге сомасында пара алды. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, банктік шоттардың үзіндісімен дәлелденді, – деп түсіндірді сот.
Сондай-ақ қабылданған антты бұзуды ауырлататын жағдай деп танығанын түсіндірді. Сондықтан Еңсебаевқа және Ескендіровке жазаны нақты өтеу түріндегі жазаны – 4 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындау әділетті деп санайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық