Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлер жазалана ма?
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын жарнамалаған блогерлер мен вайнерлерді жауапқа тартуға бола ма деген сұраққа деп жауап берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Спикер тікелей эфир барысында аталған қылмыстық іске қатысты қалалық полиция департаментінде тергеу жұмыстары жүргізіп жатқаны туралы айтты.
– Бүгінде төрт адам қамауда, бесінші адам үй қамақта отыр. Жақында ғана біз «Mudarabah Capital» ЖШС директорын ұстадық. Бұл қылмыстық іс бойынша басқа да айыпталушылар бар. Қазіргі уақытта оларға қатысты жұмыс жалғасуда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген белгілі бір шектеулер бар. Осыған байланысты мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ете алмаймын. Осы айда біз жарнама, ақша жинаумен айналысқан әрбір қатысушыға құқықтық баға береміз деп ойлаймын. Оның бәріне уақыт қажет, – деді Рустам Әбдірахманов тікелей эфир барысында.
Бұған дейін Рустам Әбдірахманов «Mudarabah Capital» компаниясының 40 жастағы иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. Бұл компанияның жарнамасында танымал қазақстандық вайнерлер – Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаевтар түскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық