Қаржы министрлігі: онлайн аударымдар салығы тек кәсіпкерлерге тиесілі
Қаржы министрлігі ақша аударымдарын фискалдауға қатысты түсініктеме берді. Құзырлы орган таратқан мәлімет бойынша бұл тек кәсіпкерлік қызмет жүргізетін азаматтарға ғана қатысты, деп хабарлайды ORDA.
«Қазіргі мобильді банктік қосымшалар қолма-қол ақшадан онлайн есеп айырысудың бастамасы болды. Жеке тұлғалардың мұндай аударымдары әкімшілік тұрғысынан бақылануды талап етпейді, әрі салық салу нысанына жатпайды», - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар кей кәсіпкерлер өз қызметтерін жүзеге асыру барысында жеке онлайн-аударымдар үшін банк сервистерін пайдаланып жүр. Салық осындай кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға салынатын болады, олардың барлық деректері қорытынды есепте көрсетіледі.
«Шағын бизнес субъектілері 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған. Негізгі жолдардың бірі кәсіпкерлік қызметке арналған жеке шотты пайдалану болып отыр, сол шотқа сатылған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі», - дейді министрлік.
Бұған қоса министрлік коммерциялық операцияларды дәлме-дәл анықтай алатын қауіпсіз басқару жүйесін әзірлеуді ұсынады.
Осыған дейін үкімет мобильді қосымшалар арқылы ақша аударымдарын жасайтын бизнеске салық салу мәселесін қарастыруды міндеттеген болатын.
Бүгінде қазақстандық ірі банктердің бірі арқылы клиенттер картаға байланған телефон нөмірі бойынша қолма-қол ақшасыз аударымдар жасауда. Аударым комиссиясыз жүзеге асырылады. Мұндай төлемдер жеке мақсатта, такси, азық-түлік, шаш қию, көлік жуу және басқа төлем ретінде де қолданыла береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық