Қаржы министрі Жамаубаев Тоқаев бекіткен мороторийдің күшін жойғысы келеді

cover

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнесті тексеруге берген мораторийін жойғысы келеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

- Микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мороторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз, - деді Жамаубаев бейсенбі күні өткен үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті.

- Кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады, - деді қаржы министрі.

Жамаубаевтың пікірінше, бұл ұсынылған басқа шаралардың ішінде мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар