Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы бостандыққа шықты
Коллаж: Orda.kz
Мәдениет экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова жазасын өтеп, бостандыққа шықты.
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судья Шынар Ерғалиеваның төрағалық етуімен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы Ғалия Ысқақоваға қатысты үкімін өзгертті.
Оның қылмыстық кодексінің 368-бабының 1-бөлігімен («Пара алудағы делдалдық») әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен («Қылмыс жасауға оқталу»), 368-бабына өзгертілді.
Ғалия Ысқақова Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 368-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салу арқылы 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2023 жылғы 5 шілдеден бастап үйде қамауда ұстау мерзімін есепке алуды ескере отырып, бір тәулікке екі тәулік есебімен бас бостандығынан айыру мерзімі өтелген болып есептеледі.
Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды, сотталғандар мен олардың адвокаттарының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық