Арыстан күшіктерін сатпақ болған үш ер адам ұсталды
Cурет: Polisia.kz
Қарағанды хайуанаттар бағында арыстанның күшіктерін заңсыз сатпақ болған үш ер адам ұсталды.
Қарағанды полициясына қаладағы хайуанаттар бағынан жануарлардың заңсыз сатылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпаратты алған облыстың криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ криминалдық полиция басқармасымен бірлесе отырып, мекеменің сыртында арыстанның төлдерін заңыз сатып жүрген 22, 37 және 44 жастағы үш ер адамды ұстады.
Айғақты зат – олар 6 миллион теңгеге сатпақ болған екі арыстанның күшігі тәркіленді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша ішкі істер органдарына тіркелді.
Қазіргі уақытта қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық