Арыстағы өрттен қашқан тұрғындар жан сақтауға тырысуда
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Арыс стансасында жүк вагонынан шыққан өрттің алдын ала себебін мәлім етті.
Алдын ала нұсқа бойынша жөнелтуші жүк тиеудің техникалық шарттарын бұзған болуы мүмкн. Сол себепті «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз тарапынан апаттың себебін тексеру үшін комиссия құрған.
— Қазақстан контейнері Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жөнелтілген, одан әрі Үндістанның Нава-Шева теңіз портына жеткізілмек болған, - деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.
ҚТЖ мәліметінше, Түркістан облысындағы өткел кезекшісі Түлкібас - Арыс учаскесіндегі контейнер өртеніп жатқанын байқап қалған. Бұл жағдай сағат 15:25-те тіркелген.
Ең бастысы Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін хабарлағандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 19:22 -де өрт сөндірілді.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жергілікті әкімдік шағын аудан тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдаған.
— Арыс қаласының мыңға жуық халқы бар Наурыз шағынауданында және 6 мыңға жуық халқы бар Хлопком кентінде 4 эвакуациялық пункт ұйымдастырылды.
4 мектеп ғимаратында 8 мың орын әзірленді. Эвакуацияланғандардың саны нақтылануда, көбі туыстарының үйін паналап жатыр.
Сағат 20.30-дағы жағдай бойынша, жедел штабтың шұғыл желісіне ақпараттық сипаттағы 2 қоңырау түсті. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, - делінген ресми мәліметте.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық