Арыс қаласында оқ жарақатын алған екі ер адамның мәйіті табылды
Қайғылы оқиға 5 тамызда болған. ҚР ІІМ мәліметінше, Түркістан облысы, Арыс қаласында салынып жатқан тұрғын үй аумағына бөтен екі адам кіріп, белгісіз қарудан оқ атқан және анықталмаған бағытта жоғалып кеткен.
«Алған жарақаттарынан үй иесі мен оған құрылысқа көмектесіп жүрген танысы қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектесіп жүрген тағы екі ер адам оқтан жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді» делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. «Ұстау» жоспары енгізілді. Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ведомство тергеу барысы Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін атап өтті. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық