Артық салмағы үшін мектепте буллинг құрбаны болды
5-сынып оқушысы бұзақылықтың құрбаны болды. Белгілі болғандай, қызды сыныптастары ұрып-соққан: үшеуі ұрған, екеуі телефонын бір-біріне допша лақтырып мазақ еткен, деп хабарлайлы Orda.kz
Сыныптастары қорлау 4-сыныпта қыздың артық салмағы мен көзілдірігіне қатысты басталғанын мойындады. Шабуыл нәтижесінде оқушы қыздың миы шайқалған, басы, қолы, жамбасы көгерген деген диагноз қойылған.
Алайда, мұғалімнің өтініші бойынша қыздың анасы алдымен полициядан арызын қайтарып алған. Жиында құқық бұзушылардың ата-аналары кешірім де сұрамаған. Уақыт өте келе қызда жарақаттан кейінгі энцефалопатия дамып, көру қабілеті нашарлаған. Осыдан кейін анасы полицияға қайта хабарласып, қыз сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың қатысуымен осындай істерді қарау үшін Мәдениет министрлігі жанынан сараптамалық топ құрылды. Киберқорқыту туралы шағымдарды қарау баланың заңды өкілінің өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады. Өтініш жазбаша түрде немесе электронды қолтаңбамен электронды түрде берілуі мүмкін.
Сараптамалық топ өтінішті үш жұмыс күні ішінде қарайды, бірақ қосымша ақпарат қажет болған жағдайда мерзім күнтізбелік 15 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Кибербуллинг расталса, медиа немесе платформа иесіне тиісті мазмұнды жоюға бұйрық беріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық