Аршалы маңында 600 көліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс болды
Аршалы ауданы маңында автомагистральдің ортасын жүк көлігі жауып қалып, 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болған, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
6 наурызда Аршалы ауданының Анар стансасына жақын жерде, «Алматы-Екатеринбург» автомагистралінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі қолайсыз ауа райына байланысты көлік тізгінін басқара алмай, жолдың ортасын бөлген темірге соғылған.
– Жолды ұзын жүк көлігі жауып қалып, Нұр-сұлтан қаласы бағытында шамамен 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болды. Жол саласы қызметкерлері шұғыл түрде қабылдаған арнайы шаралардың арқасында жолдың жүріс бөлігі ашылды. Кептелісте тұрған автокөлік, қауіпсіздік пен жылдамдық режимін сақтай отырып, Аршалы ауданының қызметкерлерімен Нұр-сұлтан қаласына дейін аман-есен жеткізілді, делінген хабарламада
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық