Аршалы ауданының ауруханасында ер адам үшінші қабаттың терезесінен секіріп қайтыс болды
Фото: Envanto
Ақмола облысы Аршалы аудандық ауруханасында 5 қараша күні кешке Теміртау қаласының тұрғыны аурухананың үшінші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
1973 жылы туған, Теміртау қаласының тұрғыны аурухананың үшінші қабатындағы палата терезесінен секіріп кеткен. Медициналық мекеменің мәліметінше, ол 3 қарашада «Қарағанды – Қостанай» пойызында жүрген кезде жағдайы нашарлап, миына уақытша қан жетпей қалған соң шұғыл ауруханаға жеткізілген.
Полиция дерегіне қарағанда, ер адам психиатрдың бақылауында болған. Араққа салынғаны және психикасында әрі мінез-құлқында ауытқулары бар екені анықталған.
5 қараша күні кешке науқас терезенің әйнегін сындырып, секіріп кеткен. Ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Марқұмның өліміне алған жарақаттары мен жүрек-қан тамырларына қан жетіспеуі себеп болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық