«АрселорМитталТеміртау» заңгерін өлтірді» деген күдіктілер ұсталды
Қарағанды облысында «АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысы бар делінген күдіктілер ұсталды.
Polisia.kz ақпаратына сәйкес, ұсталғандар марқұмның жерлестері болып шықты.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып, ұсталды.
Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин хабарлады.
Бұл дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында «АрселорМитталТеміртау» заңгерінің денесі өрт шыққан пәтерден табылғаны хабарланған болатын. Оқиға орнында 1969 жылы туған әйел адамның денесі табылды. ТЖД өкілдері бес адамды эвакуациялады. Өрт сағат 13.31-де толық сөндірілді.
Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық