АрселорМиттал Теміртау компаниясының өкілі шахтадағы апатқа қатысты пікір білдірді
АрселорМиттал Теміртау АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин шахтасында болған апатқа қатысты пікір білдірді.
Арман Қалықов газ-дренажды ұңғыманы бұрғылау кезінде зиянды қалдықтардың шыққанын мәлімдеді.
- Апат кезінде жер астында 106 адам болған. 9 адам зардап шекті, қазір 4 адам ауруханада. 5 адам көз жұмды. Қазір апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Опат болған жұмысшылардың туыстарына және әріптестерімізге қайғыра көңіл айтамыз, - деді ол.
Компания өкілінің айтуынша, қайтыс болған жұмысшылардың отбасыларына тиісті көмек көрсетіледі.
Ал зардап шеккендер Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала диагноз – метаннан улану. Екі адам токсикология бөліміне ауыстырылса, екі жұмысшы түрлі жарақаттар алған.
Еске салсақ, бүгін түнде Ленин шахтасында төтенше жағдай болып, 4 жұмысшы көз жұмған. Кейін облыс әкімдігі тағы бір кеншінің мәйіті табылғанын мәлімдеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық