АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшылығы ауысты
АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшылығы ауысты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, Ленин атындағы шахтадағы апатты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 3 қарашадағы баяндамасы АрселорМиттал Теміртауда осы маңызды шешімдерді қабылдауға негіз болған.
- Владимир Иванович Яблонский мырза АрселорМиттал Теміртау АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып, Виктор Викторович Гафиулов мырза АрселорМиттал Теміртау АҚ тау-кен ісі департаменті бас директорының міндетін атқарушы болып олардың қызметіне дереу кірісуімен тағайындалды, - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Биджу Наир мен Джелсон Батиста АрселорМиттал вице-президенті және АрселорМиттал ТМД бас директоры Виджай Гоялдың кеңесшілері болып тағайындалды.
- Бұл оларға ағымдағы жағдайға және 3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апаттың себептерін тергеуге толық назар аударуға мүмкіндік береді, - дейді компания.
Еске салсақ, Яблонский өзінің кәсіби қызметін 1989 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатында (қазіргі АрселорМиттал Теміртау) бастады. Оның металлургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық