АрселорМиттал Теміртау шахтасында тағы бір оқыс оқиға орын алды
фото: novoetv.kz
Қарағанды облысында орналасқан АрселорМиттал Теміртау шахтасында жұмысшы әр-түрлі дәрежедегі жарақат алды.
«22 желтоқсанда «Шахтинск» шахтасында 1975 жылы туған тау-кен жұмысшысы металл сынықтарын тиеу жұмыстарын орындау кезінде жарақат алды. Оған уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жатқызылды. Өміріне қауіп жоқ. Оқиға тергеліп жатыр» деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.
Жарақат алған тау-кен жұмысшысы профессор Х.Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Онда бас миының жарақаты мен денесінің көгеруі бар деп хабарланған.
«Ер адам шұғыл травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты» деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қараша айында «Абай» шахтасында метан шығарындыларынан алты адам қаза тапты. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады. Сондай-ақ ТЖ салдарынан екі кенші зардап шекті. Кейін қаза тапқан кеншілердің отбасыларына он жылдық ақшалай қаражат төленетіні хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық